Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Екінші әйелін шәкіртіне беріп жіберген имам мен одан сұхбат алған Жанар Байсемізге айыппұл салынды

Екінші әйелін шәкіртіне беріп жіберген имам мен одан сұхбат алған Жанар Байсемізге айыппұл салынды
Сурет: фотоколлаж KYN.KZ
Құрбанәлі Ахмет Ишан мен журналист Жанар Байсеміз айыппұл арқалады.

Имам, хазрет, теолог-ғалым Құрбанәлі Ахмет Ишанға Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы айыппұл салды. Ол бірнеше күн бұрын журналист Жана Байсемізге берген сұхбатында екінші әйеліне қатысты айтқан болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында теолог-ғалым «өзін тыңдамаған екінші әйелін шәкіртіне үйлендіріп жібергенін» айтқан еді. Желі қолданушыларының наразылығынан кейін Алматы полициясы журналист Жанар Байсемізге 490 -бапқа сай айыппұл салған.

 «Өзін діни ағымның өкілімен деп санайтын азаматтың көпшілік арасында таралған видеоматериалына қатысты Алматының мемлекеттік органдары тиісті тексеру жүргізді. Сұхбат барысында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін (әйелінің біреуін шәкірітіне беру туралы) пікірлер айтылған. Бұл қоғам санасына кері әсерін тигізетін пікір», - деп хабарлайды Алматы полициясы.

Сонымен қатар Алматы қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы пікір иесіне, яғни, Құрбанәлі Ахмет Ишанға Әкімшілік кодекстің 490 бабы бойынша айыппұл салған. Айта кетейік, Әкімшілік кодекстің 490 бабына сай, дәл осындай дәрежеде пікір айтқан немесе материал әзірлеген жеке тұлғаларға 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Басқарма бұл азамат Мүфтияттың мүшесі емес екенін мәлімдеген.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар