Атыраудағы BINOM мектебінде 9-сынып оқушысы сыныптасын пышақтады: күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:50
- 137
Атырау қаласында Дінмұхамед Қонаев атындағы BINOM мектебінде сыныптасына пышақпен шабуыл жасаған 9-сынып оқушысына өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін. Анасы ұлы бірнеше жыл бойы сыныптастары тарапынан буллингке ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы блогер Рүстем Баязиев күдіктінің анасымен сұхбат жүргізді. Оның айтуынша, оқушының мұғалімдерге жасаған шағымдары нақты нәтиже бермеген.
"Үздік оқушы болды. бір қыздың шашын ұстап, баламен төбелескенітуралы ешқандай шағым болмаған. 6-сыныпты бітірген соң BINOM мектебіне ауыстырдық. Бірақ содан бастап өзгере бастады. Өтпелі жас кезеңі деп ойладым. Қыздар мазақ қылады дегендей айтып жүрді. 9-сыныптың желтоқсан айында апайы қоңырау шалып, сыныптастарымен қарым-қатынасын айтты. Содан мектеп психолгына жазылды. Ол өтпелі кезең екенін айтты. Содан кейін ешнәрсе болмады , - дейді анасы.
13 наурызда 9-сынып оқушысы 8-сынып оқушысын өткір затпен жаралаған. Қыздың мойыны, кеуде тұсы мен қолы жарақаттанған. Дәрігерлер қызды реанимациядан хирургиялық бөлімге ауыстырды.
Анасының айтуынша, қыздар оның сырт келбетін, жүрісін талқылайды екен. Уақыт өте келе буллинг тұрақты түрде жалғасқан. Сыныптастар оның сырт келбеті, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы және тері мәселелерін талқылаған. Ол мұғалімдер біле тұра жағдайға араласпағанына шағымданды. Қылмыс болмай тұрып ұлының денсаулығы да нашарлағанын айтты.
Отбасы баланы басқа сыныпқа немесе мектепке ауыстыру мүмкіндігін қарастырған. Бірақ ұлы қарсы болыпты. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде. Қазір 9- сынып оқушысы тергеу изоляторында отыр.


