Жастар мұндай стильді күнделікті өмірде де көше сәнінің ажырамас бөлігіне айналдырды. Көшеге шыға қалсақ кездейсоқ өтіп бара жатқан қазақы бұйымдар таққан қыздарды немесе ою-өрнегі бар киімдегі жігіттерді жиі көреміз. Бұдан бөлек шекелік, оюлы сырға, бесбілезік секілді әшекейлер сәнге айналған.
Жастар дәстүрлі элементтерді сәнге айналдырып қана қоймайды, заманға сай әрлей білді. Бұл жай ғана тренд емес, ұлттық мәдениетті сақтау және насихаттау үшін саналы қозғалыс.
Дизайнерлер қоғамының өзі де жас ұрпақ этно-аксессуарларды заманауи гардеробқа органикалық түрде енгізе бастағанын, ұлттық киім элементтерін бейнелермен әдемі үйлестіре бастағанын, көрмелерде жарқын этношопералар, шапандар мен бас киімдер сатып ала бастағанын атап өтті. Қазіргі альфа буын үшін қазақы нақышта киіну – өз ойларының еркін екенін көрсетудің жаңа тәсілі.
Айта кету керек, ұлттық киімге деген қызығушылық аяқ астынан трендке айналмады. Бұл қазіргі кездегі терең процестің бір бөлігі ғана. Қазақстан қоғамы бірте-бірте өз тамырына оралып, мәдени мұраны заманауи көзқарас арқылы түсіне бастады. Жаһандану дәуірінде өскен жастар бұқаралық нарықтың монотондылығынан шаршады және ұлттық эстетикадан даралық іздей бастады.
Мысалы үлкен сырғалар мен білезіктер былғары курткалармен үйлестірді, ал қазақ ою-өрнектері бар корсеттер жейделер мен футболкаларға сәнді қосымша нақышқа айналды. Сонымен қатар қазақы тақияларды да пальтолар мен тренчтермен үйлестіріп жүргендер бар.
Жилеттер мен кестеленген қажекейлерді капсулалық гардеробтың ажырамас бөлігіне айналдырғандарды да көре аламыз. Тіпті визажистер ою-өрнекті макияжға да қолдана бастады.
Қазақы стилді тек қыз балалар ғана емес жігіттер де қолданысқа енгізді. Ұлдар қазір джинсы шалбарға, күртеше мен спорттық аяқ киімді ою-өрнектеп киіп жүр. Заманауи интерпретациядағы шапандар пальто мен курткаларға балама болды – жастар оларды белдіктер мен аксессуарлармен толықтыруда.
Ал қазақы стильде киінгісі келген азаматтар гардеробына этникалық элементтерді біртіндеп қосуына болады. Этно стильге қызығып жүрген жастар алғашында аксесуарларды пайдаға асырғаны жөн. Мысалы, тақияны немесе бас киімді шекелікпен безендіріп, негізгі киімді кестеленген жилетпен немесе шапанмен толықтыра аласыз. Біртіндеп, уақыт өте келе сіз де өз киіну стиліңізді қалыптастырасыз.
Қазақы стиль – әдемілік және ерекшелік қана емес, жастардың түр тамыры мен тегіне деген құрмет. Сондай-ақ ою-өрнегімізді, қазақы болмысымызды болашақ ұрпаққа жеткізудің айқын жолы.



