Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психиатриялық ауруханаға ауыстырылды: полиция пікір білдірді

21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдікті психиатриялық ауруханаға ауыстырылды: полиция пікір білдірді
Сурет: dknews.kz
Шымкент ПД өкілдері емдеу курсы аяқталғаннан кейін күдікті тергеу амалдарын жалғастыру үшін қайтадан тергеу изоляторына жіберілетінін айтты.

21 жастағы Нұрай Серікбайды өлтірді деген күдіктінің Алматы облысындағы психикалық ауруханаға ауыстырылуына қатысты Шымкент полицейлері пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, күдікті медициналық қорытындылар негізінде мамандандырылған мекемеге орналастырылған.

"Екі рет жүргізілген сот-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша күдіктіден психикалық ауытқулар анықталды, соған байланысты ол мамандандырылған мекемеге мәжбүрлеп емдеуге жіберілді", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Шымкент ПД өкілдері емдеу курсы аяқталғаннан кейін күдікті тергеу амалдарын жалғастыру үшін қайтадан тергеу изоляторына жіберілетінін айтты.

Айта кетсек, бұған дейін қаза тапқан қыздың отбасылық адвокаты Аянхан Омаров 28 жастағы күдіктінің Алматы облысы Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақылаудағы мамандандырылған типтегі республикалық психиатриялық ауруханаға орналастырылғанын хабарлаған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар