Ақтөбеде он жыл бұрын болған террористік шабуыл үшін сотталған үш адам түрмеде қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
“Олардың жақын туыстарына жазаларын өтеп жатқан жері туралы тиісті түрде хабарланады. "Жеке деректер және оларды қорғау туралы" заңының 15-бабына сәйкес, сотталғандардың жеке істеріндегі ақпарат жария етілмейді. Сотталған Айдос Жұбанов, Асхат Иманғалиев және Асхат Рахметов қайтыс болғанын хабарлаймыз”, – деп мәлімдеді ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.
Айта кетсек, 2016 жылы дәстүрлі емес діни ағымның жақтаушылары Ақтөбеде екі қару-жарақ дүкеніне, әскери бөлімге және полиция бекетіне шабуыл жасаған еді. Салдарынан жиырма бес адам қаза тапты. Зардап шеккендердің арасында төрт бейбіт тұрғын және үш әскери қызметкер болды. Ал қалғандары – арнайы операция кезінде қаза тапқан террористер. Отыз сегіз адам жарақат алды.
Қылмыстық іске байланысты жеті адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Тағы екеуі 20 және 22 жылға сотталды. Сотталғандардың үшеуі түрмеде қайтыс болды.


