ҚМБД «екінші әйелін шәкіртіне сыйлаған» уағызшыға қатысты мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 сәуір, 2026
- 458
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сұхбатында екінші әйелін шәкіртіне сыйлағанын айтқан уағызшы Құрбанәлі Ахметке қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпаарт агенттігі.
2026 жылғы 1 сәуірде жарияланған ақпаратқа сәйкес, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мәліметінше, Құрбанәлі Ахмет аталған құрылымда қызмет атқармайды және басқармамен ешқандай ресми байланысы жоқ. Осыған байланысты оның айтқан пікірлері мен жеке көзқарастары ҚМДБ-ның ұстанымын білдірмейді.
Діни басқарма көпшілікті дін мәселесіне қатысты ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырды. Қоғамда түсінбеушілік пен жалған ақпараттың таралуына жол бермеу әр азаматтың жауапкершілігі екенін атап өтті.
Айта кетсек, осыған дейін өзін ишан ретінде таныстырған Құрбанәлі Ахметтің журналист Жанар Байсемізге берген сұхбаты қоғамда үлкен резонанс тудырған.
Ақтөбедегі теракт: сотталған 3 адам қайтыс болды
Ұқсас жаңалықтар
Мектептегі сабақтардан тау трассаларына дейін: Алматыдағы балалар үшін жаңа мүмкіндіктер
- авторkyn.kz
- 30 қыркүйек, 2026
Атырауда бір отбасының жоғалуы: хакердің ісі сотқа жолданды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 қыркүйек, 2026




