Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Санжар Боқаев ұлттық компаниядағы қызметі кезінде ірі көлемде алаяқтық жолмен ақша жымқырды деген күдікке ілінді" - Бас прокуратура

"Санжар Боқаев ұлттық компаниядағы қызметі кезінде ірі көлемде алаяқтық жолмен ақша жымқырды деген күдікке ілінді" -  Бас прокуратура
Сурет: Instagram/sanzhar_bokayev
Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр.

Бүгін сенат кулуарында журналистер бас прокурордың орынбасары Ерлан Өтегеновтен Санжар Боқаевқа қатысты сұрақ қойды. Наурыз айының ортасында ұсталған белсендіге қатысты қылмыстық іс екі бап бойынша тергеліп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Аталған азаматқа қатысты ұлттық компанияда қызмет атқарған кезінде ақша қаражатын ірі көлемде алаяқтық жолымен жымқырған және заңсыз орман кесу ұйымдастырған деген күдік тағылған. Қазір істі тергеуге қажетті барлық шаралар жүргізілуде", – деді ол сенат кулуарында.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, Боқаевтың жақтастары талап етіп отырған істі ашық тыңдау өткізуге ешқандай кедергі жоқ.

Айта кетейік, Санжар Боқаевтың өмірбаянында оның 2015-2018 жылдар аралығында “ҚазТрансГаз” АҚ-та кеңесші болғаны көрсетілген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар