Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандықтарды жасына емес, еңбек өтіліне байланысты зейнетке шығару ұсынылды

Қазақстандықтарды жасына емес, еңбек өтіліне байланысты зейнетке шығару ұсынылды
Сурет: inbusiness.kz
Депутат зейнетақы жүйесін қайта қарауды ұсынды.

Сенат отырысында депутат Амангелді Нұғманов Қазақстандағы зейнетақы жүйесін жасына емес, еңбек өтіліне қарай өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі

Сенатордың айтуынша, жаңа Конституцияға байланысты зейнетақы жүйесін қайта қарау керек.

"Жасына негізделген зейнетақы моделінен еңбек өтіліне негізделген зейнетақы моделіне біртіндеп көшу мәселесін қарастырған жөн сияқты. Елде әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері және арнайы мемлекеттік органдар үшін еңбек өтіліне негізделген зейнетақы жүйесі қазірдің өзінде бар. Оның өзінде азаматтар қажетті еңбек өтілін жинағаннан кейін зейнетке шығу уақытын өзі белгілеп, бұл шешім үшін экономикалық жауапкершілікті өз мойнына алады", - деді депутат жолдаған сауалында.

Оның пікірінше, қазір кейбір азаматтар, мысалы, созылмалы аурулары барлар немесе кәсіби аурудан зардап шегетіндер, зейнетақыға уақытынан бұрын шығу құқығына ие емес. Заң тек ресми мүгедектік тобына ғана мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, бұл өзгерістер жұмыссыздықты азайтуға, басқаның есебінен күн көру сезімін төмендетуге, азаматтардың еңбекке жауапкершілігін арттыруға, көмектеседі.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар