Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Тұман түсіп, жел күшейеді": 3 сәуірге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, жел күшейеді": 3 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Сурет: sakhalin.aif.ru
3 сәуір елдің біраз өңірінде жауын-шашын күтіледі.

3 сәуірде еліміздің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде жауын-шашын қатты болып, бұршақ түсіп, екпінді жел соғуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Елдің қалған аумағында ауқымды антициклонның ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, ал солтүстік өңірлерде көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысы, солтүстігі мен орталығында, Жамбыл облысының орталығында, Жетісу мен Алматы облыстарының солтүстігі және оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болады.

Астанада ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +19…+21°C.

Алматыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.

Шымкентте ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14…+16°C, күндіз +27…+29°C.

Ақтауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +17…+19°C.

Ақтөбеде бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +12…+14°C.

Атырауда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +19…+21°C.

Жезқазғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +24…+26°C.

Қарағандыда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +20…+22°C.

Көкшетауда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +17…+19°C.

Қонаевта ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +27…+29°C.

Қостанайда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +18…+20°C.

Қызылордада ауыспалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +21…+23°C.

Павлодарда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +14…+16°C.

Петропавлда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +17…+19°C.

Семейде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +15…+17°C.

Талдықорғанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Күндіз жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +26…+28°C.

Таразда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C.

Түркістанда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.

Оралда ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман болады. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +15…+17°C.

Өскеменде ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде -1…-3°C, күндіз +13…+15°C.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар