Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Көбейейік, қазақтар! Халықтың санын 100 млн-ға жеткізейік". Қазақ азаматы өзге бауырларды 3-4 әйелден алуға шақырады.

"Көбейейік, қазақтар! Халықтың санын 100 млн-ға жеткізейік". Қазақ азаматы өзге бауырларды 3-4 әйелден алуға шақырады.
ашық дереккөз
«Тоқал» деген соншалықты сүйкімсіз сөз емес. Сондықтан, жігіттер, ұлт мүддесі үшін іске кірісейік!
"Замана" газетінің  мәліметінен: «Менің аты-жөнім – Серікжан Біләшұлы. Қазақ интернет әлемінде «Жарқын Жеті» деген атпен 2009-жылдан бері жұртқа танылғанмын, әсіресе жастар жағына. Мынау ұланғайыр дала – әлем бойынша 9-орын алатын үлкен территория, асты-үсті толған байлық, мұнай мен газ өндіруден жер бетінде 9- елміз. Сондықтан біз көбейейік. Санымыз 50 миллионға, 100 миллионға жетуі керек. Ол үшін бүгіннен бастап іске кірісу керек. Әрбір қазақ азаматы үштен, төрттен әйел алсын шариғат талабы бойынша. Қазақ қыздарын жатжұрттықтарға, кәпірлерге бермей, өзіміз алайық. Сондықтан осы іске бел шешіп кірісейік. Оған «анау», «мынау» деп сылтау айтпайық. Қарындастарымыз, келіндеріміз, жеңгелеріміз түсінсін. Біз көбеймесек мынау ұланғайыр даланы ұстап тұра алмаймыз, тәуелсіздігімізді ұстап тұра алмаймыз. Айналайын қарындастар, әпке-жеңгелер, рұқсат беріңдер! Айналайын жігіттер, сендер де жерге қарап отырмаңдар. Қатын – ерге, ер жерге қарайтын сұмдық заман басымызға келмесін десек, көбеюіміз керек. «Тоқал» деген сөз соншалықты сүйкімсіз сөз емес. Құнанбай тоқал алмаса Абай қайдан туады? «Атадан – алтау, анадан – төртеу, жалғыздық көрер жайым жоқ», – деп Абай айт­қан жоқ па? Шоқан Уәлиханұлы ше? Сондықтан бұл жерде шариғат бо­йынша рұқсат беріп тұр. Шариғатта «бәйбіше-тоқал» деген ұғым жоқ, шариғатта әйелге тең қара дейді. Ендеше, алайық! Онсыз да біздегі «кәрі қыздардың» санын бір Құдай біледі, пәленбай жүз мың «кәрі қыз» бар болуы мүмкін. Онсыз да жатқа кетіп, кәпірге тиіп, жұрттың абыройын түсіріп жүрген жоқ па? Менің жасым – 43-те. Төрт әйелді бағуға шамам жетеді. Құдай бой да берген, ой да берген, ақыл да берген. Кейде адуын мінезіміз де бар. Бірақ шариғатты ұстанамыз. Мысалы, менің шариғат жолын ұстанатын, намаз оқитын және өте ұлтшыл, қазақ десе жүрегін жұлып беретін қыз алғым келеді. Мейлі ол ажырас­қан болсын, мейлі жесір болсын, мейлі оның баласы болсын немесе болмасын, шариғат талабына сай болса, болды. Әкелері, уәлилері, туыстары дұрыс көрсе, алғым келеді. Қазақтың бір емес, бірнеше қызын бақытты етуге шамамыз жетеді. Бір Алланың разылығы үшін және қазақтың қамы үшін. Жә, жігіттер, іске кірісейік ұлт мүддесі үшін! Бірақ мұны күлкі қылуға, нәпсінің әңгімесі қылуға, мазақ етуге немесе тұрпайы әзілдің әңгімесі етуге болмайды. Жігіттер, ұлт тағдыры әңгіме болғанда жеңіл әзілді қойыңдар! Бұл – салмақты, өте салмақты тақырып. Қынадай қырылған ата-бабаңды ойлағанда жын тартып тұрған күлкіні ұмыт! Егер жын түртіп, әзілге, зинаға, ойын-күлкіге, ырбақ-тырбаққа қарай бұрып бара жатсаң, қынадай қырылған, осы уақытқа дейін қырылған, осы өткен ғасырдың ішінде ғана сан мәрте қырыл­ған ата-бабаңды бір сәт есіңе ал! Сол ата-бабаларың не үшін қырыл­ғанын бір сәт ойлан да, ендеше Құдай ұнатқан шаруаны сен де ұнат! Ұлттың ұлы мұраты жолында, Алаш арыстарының арманы жолында, әр қазақ, қолыңнан басқа ештеңе келмесе де осы шаруаға кіріс!”, – дейді белсенді азамат.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар