Басты жаңалықтар
Dizzy энергетикалық сусынынан адам ағзасына қауіпті зат табылды
- автор kyn.kz
- 18 шілде, 2018
- 301
Лабораториялық зерттеулердің қорытындысы бойынша Dizzy original және Dizzy lemon energy сусындарының құрамынан шектен тыс көп мөлшерде натрий бензоаты бар екені анықталды
Сусында натрий бензоаты (Е211) шектен тыс мөлшерде болған.
Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Маңғыстау облысындағы сауда нысандарын тексеріп шықты. Тексеру барысында ресейлік "Дал" ЖШҚ өндірушісінің алкогольсіз энергетикалық сусындарында, Dizzy original және Dizzy lemon energy сусындарына натрий бензоаты шектен тыс көп мөлшерде қосылғаны анықталды. Бұл азық-түлікті ұзақ мерзім сақтау үшін қосылады екен.
"Өнімнің бұл партиясы сауда нысандарында сатылымнан алынып тасталды, жеткізушіге қатысты тауарды сауда нысандарынан алып тастау бойынша әкімшілік шара қолданылды", — делінген хабарламада.
Комитет атап өткендей, натрий бензоаты адам ДНҚ-сына зиянын тигізуі мүмкін. Оның үстіне аяғы ауыр әйелдерге мүлдем пайдалануға болмайды. Сондай-ақ қауіпті зат адам ағзасында түзіліп, аллергия, қышыма, жөтел, бөртпе, ісік тудыруы мүмкін.