Сот ШҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға шыққан үкімге түсініктеме берді
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 сәуір, 2026
- 220
Сот 6 жылға бас бостандығынан айырылған ШҚО әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Жақсылық Омарға шыққан үкімді түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы соттарының Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған.
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1), 2) тармақтары және 366-бабы 3-бөлігінің 3) тармағы (алаяқтық және пара алу) бойынша айыпталған тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралған.
Соттың мәлімдетінше, сотталушының әрекеттері ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары санатына жатады. Жауаптылықты ауырлататын мән-жай – антты бұзу.
Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, сотталушыны кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен қатар 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
"Дүркіреген мереке": Мирзиёев Тоқаевты Өзбекстанда қарсы алды (Фото)
- авторkyn.kz
- 11 сәуір, 2026




