Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"- 20 градусқа дейін төмендейді": синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды

"- 20 градусқа дейін төмендейді": синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды
Сурет: almaty.tv
Еліміздің кейбір өңірінде жел күшейіп, жауын-шашын жауады.

«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің болжауынша, 4-5 сәуірде кейбір өңірлерде жаңбыр жауады.

«Жаңбыр жауады деп болжанып отыр, кей жерлерде найзағай күтіледі. 4 сәуірде елдің солтүстік-батысында, 5-6 сәуірде батысында, 5 сәуірде оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Қазақстан аумағында жел күшейеді, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі, ал күндіз кей өңірлерде бұршақ пен дауыл (шквал) болуы мүмкін», – делінген синоптиктер болжамында.

Күндізгі ауа температурасы елдің батысында 15-25 градустан 10-20 градусқа дейін төмендейді; солтүстікте 11-20 градустан 15-20 градусқа дейін жоғарылайды; шығыста 15-23 градустан 20-28 градусқа дейін ауытқиды; елдің қалған аумақтарында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар