Денсаулық
Қазақстандықтардың қанша жасқа дейін өмір сүретіндері белгілі болды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:54
- 51
Отыз жыл бұрын қазақстандықтар 67,6 жасқа дейін ғана өмір сүрген.
1991 жылы қазақстандықтар небәрі 67,6 жас өмір сүрген. Ал 2025 жылға дейінгі көрсеткіш бойынша азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа дейін ұзарған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Яғни, ел азаматтарының өмір сүру уақыты 8 жылдан астам уақытқа артқан.
«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, 1991 жылы, өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші 67,6 жас еді (2001 жыл – 65,6, 2011 жыл – 68,98, 2021 жыл – 70,23). Осылайша, отыз жыл ішінде ел азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа артып, 75,97 жасқа жетті», - деп хабарлайды ДСМ.
Енді 2029 жылға дейін қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа дейін жеткізуді жоспарлап отыр.




