Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Атырауда жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған оқушыны көлік қағып кетті

Атырауда жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған оқушыны көлік қағып кетті
Сурет: azh.kz
Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер жолағынан өтпек болған қызды қағып кетті.

Атырауда мектеп маңында қыз баланы көлік қағып, көз жұмды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 6 сәуірде сағат 07:45 шамасында Атырау қаласында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 1974 жылғы жүргізуші басқаруындағы Toyota Hiace автокөлігімен жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан 2018 жылы туған баланы қағып кеткен. Бала оқиға орнында көз жұмды", - делінген Атырау облыстық ПД ұсынған ақпаратта.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерінде жылдамдықты төмендетіп, аса мұқият болуға шақырады.

Ата-аналарға балалардың жолдағы қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ескертеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар