Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шерзат Болаттың өлімі: сотталғандардың екеуі өздерін ақтауды сұрады (ВИДЕО)

Шерзат Болаттың өлімі: сотталғандардың екеуі өздерін ақтауды сұрады (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Шерзат Болаттың өліміне кінәлі деп танылған сотталушылар өздерін ақтауды сұрады.

Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты сотталғандар өзін толық ақтауды сұрады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы жәбірленушілердің мүддесін қорғайтын адвокат Мейірман Шекеев видеоүндеу жариялап, онда сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметовтің шағым түсіргенін айтты.

Екеуі де үкіммен келіспейді және өздерін ақтауды сұрап отыр екен.

"Шерзаттың ісі бойынша кассациялық шағымдар келіп түсіпті. Бірақ кассациялық шағымдарды қазір ғана алуға мүмкіндік туды. Ал сот ертеңге (яғни 7 сәуірге — ред. еск.) тағайындалған екен", - деді Шекеев.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар