Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Кім көрінген психолог болып кетті": Қазақстанда "Психологиялық қызмет туралы" заң қаралып жатыр

"Кім көрінген психолог болып кетті": Қазақстанда "Психологиялық қызмет туралы" заң қаралып жатыр
Сурет: srmcsyzran.ru
Енді психиологтар мемлекеттік тізілімге тіркеледі.

Мәжілісте психологиялық көмек көрсетуді алғаш рет заңмен реттейтін құжат қаралып жатыр. Парламент "Психологиялық қызмет туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Депутат Айна Мысырәлімованың айтуынша, соңғы жылдары Қазақстанда психологтарға жүгінетіндер көбейген. 

"Бүгінде кез келген адам өзін психологпын дей алады. Кәсіби білімсіз, расталған біліктіліксіз және клиент алдында ешқандай жауапкершіліксіз", - деді ол.

Депутат білімі жоқ "мамандардың" қызметі салдарсыз болмайтынын айтты: сапасыз көмек адамдардың жағдайын нашарлатып, жүйеге деген сенімге нұқсан келтіруі мүмкін.

Депутаттың айтуынша, мұның салдары нақты адамдардың тағдырына әсер етіп жатыр. Сапасыз көмек жағдайды ушықтырып, жалпы жүйеге деген сенімге нұқсан келтіріп отыр. 

“Жаңа заң жобасы осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Құжатта алғаш рет “психолог” ұғымы нақты анықталып, бұл қызметпен кім айналыса алатыны белгіленеді. Сонымен қатар мамандарға қойылатын білім мен біліктілік талаптары, кәсіби этика және құпиялылық қағидалары бекітіледі. Заң жобасы психологтардың құқығы мен міндетін, қызмет алушылардың құқығын нақтылайды. Қызмет көрсету формалары және әдістері де заңмен реттеледі. Мысалы, психологтар психодиагностика, кеңес беру, түзету, психотерапия және дағдарыстық көмек көрсетуге құқылы”, – дейді депутат. 

Депутаттар заң жобасы нарықты шектемейтінін, керісінше оны жүйелеп, кәсіби ортаны дамытуға жағдай жасайтынын айтты.

Құжат қабылданса, елде психологиялық көмектің сапалы әрі қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға негіз қаланады.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар