Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Енесінің атынан 1,5 млн теңге несие алған келін сотталды

Енесінің атынан 1,5 млн теңге несие алған келін сотталды
Сурет: moe-lipetsk.ru
Келіні енесінің атынан несие алған.

Жамбыл облысында келіні енесінің атынан 1,5 миллон теңге несие алған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Жуалы аудандық соты енесінің атына несие алған келінді 1 жылға шартты түрде соттады.

Соттың мәліметіне сүйенсек, 2025 жылдың қарашасында сотталып отырған әйел енесін алдап, оның түр-әлпетін телефонға қаратып, онлайн тексеруден өткен. Кейін енесінің телефонына келген кодты айтып, 1,5 миллион теңге несие алған. Енесінің шотына түскен ақшаны өз шотына аударып алып, ақшаны өз қажетіне жаратқан.

Енесі арада бір ай өте келе несиенің кезекті төлемі туралы хабарламаны көргенде ғана өз атына несие рәсімделгенін білген.

«Прокурор әйелді 1 жылға түрмеге қамауды сұраған. Енесі оны кешіріп, несиенің сомасын толық қайтаруды және келінін бас бостандығынан айырмауды сұраған. Келін болса кінәсін мойындап, кешірім сұраған. Сот тараптарды тыңдай келе келінді бір жыл шартты түрде соттап, енесіне 1,5 млн теңге қайтаруды үкім етті», - деп хабарлайды Жамбыл облысының соттары.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар