Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда ЛГБТ насихаты үшін ешкім жазаланған жоқ

Қазақстанда ЛГБТ насихаты үшін ешкім жазаланған жоқ
Сурет: Wikimedia Commons
Қазақстанда соңғы кездері ЛГБТ насихаты үшін заңмен жазалау қарастырылған.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов Қазақстанда ЛГБТ насихатына тыйым салуды көздейтін "Масс-медиа туралы" заң қабылданғаннан бері ешкім жауапқа тартылмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Кочетовтың айтуынша, министрлік құқықтық мониторинг жүргізіп жатыр, алайда ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген.

"Ешкім жауапқа тартылған жоқ. Бұл жағдайда Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асыратын құқықтық мониторинг туралы айтып отырмыз. Ештеңе анықталмағандықтан, үкіметтік емес сектордың кейбір өкілдерінде болған қауіп расталған жоқ. Ақпараттық кеңістікке зер салсақ та, негізінен ештеңе өзгерген жоқ. Бұл норма, бәлкім, алдын алу сипатында шығар - адамдар қандай да бір контентті жарияламас бұрын ойлансын деген мақсатты көздейді ", - деді Кочетов Мәжіліс кулуарында.

Сонымен қатар Кочетов желідегі материалдардың заң қабылданғанға дейін де бұғатталып келгенін нақтылады.

"Олар бұған дейін де бұғатталып келді. Осындай материалдарды жариялаған бірқатар сайттар болды. Бірақ нақ осы заң аясында айтар болсақ - жоқ, мұндай жағдайлар болған жоқ", - деп қосты ол.

Қазақстанда соңғы кездері ЛГБТ насихаты үшін заңмен жазалау қарастырылған. Құжатты әзірлеушілердің айтуынша, бұл балаларды қорғау үшін жасалған: заң БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және басқа да онлайн платформаларда дәстүрлі емес арақатынастарды насихаттайтын жарияланымдарға тыйым салады.

2025 жылғы 30 желтоқсанда заңға Президент қол қойды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар