“Күтуге, әрқашан қолдауға дайын едім”: Дикий Арманның әйелі мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:55
- 56
Түрмеде отырған "Дикий Арман" атымен таныс Арман Жұмагелдиевтің әйелі екеуінің ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айкөл Аликжанова бұл туралы желідегі парақшасында жазды.
"Біз Арман екеуіміз ресми некеде болғанбыз. Екеуіміз де үлкен махаббаттың арқасында үйленіп, шаңырақ көтердік. Бірақ қазір Арманның қалауымен ажырастық. Мен Арманды күтуге, әрқашан қолдауға дайын едім. Алла басқаша шешім шығарыпты.... Арман екеуіміздің ортақ қызымыз бар. Арманның маған дейін ешкіммен ресми некесі, баласы болмаған. Арман екеуіміздің арамызда ешқандай реніш, дұшпандық жоқ, қызымызды бірге өсіреміз. Ажырасу маған өте ауыр тиіп жатыр. Десек те, жеке мәселемнің бәрін айтуға міндетті емеспін", деп жазған Айкөл Аликжанова.
Ол екеуінің неке куәлігін де жариялады.
Айта кетсек, Айкөл Аликжанова-қырғызстандық актриса және модель, "Қырғызстан аруы - 2014" және "Интернет аруы KG - 2012"сұлулық байқауының жеңімпазы. 2016 жылы ол хиджаб киді. Содан кейін ол мұсылман сәнінің дизайнері болды. Аликжанованың Жұмагелдиевке тұрмысқа шыққаны туралы "Дикий Арман" 2022 жылдың 7 қаңтарында Алматыда ұсталған кезде белгілі болды.
2025 жылдың 27 қаңтарында Сот үкімімен Арман Жұмагелдиев ұйымдасқан қылмыстық топты құруға және басқаруға, бандитизмге, тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға, адам ұрлауға кінәлі деп танылып, сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.



