Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

110 миллион теңге: Алматыда жарнама көріп табыс табатын қаржы пирамидасы әшкере болды

110 миллион теңге: Алматыда жарнама көріп табыс табатын қаржы пирамидасы әшкере болды
Сурет: видеодан скриншот
Қаржы пирамидасына қатысу үшін пайдаланушыларға түрлі пакеттердің бірін сатып алып, күн сайын жарнамалық материалдарды қарау ұсынылған.

"Boxy Wealth" қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету фактісі бойынша күдікті қамауға алынды. Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қылмысқа байланысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

"Boxy Wealth" қаржы пирамидасына қатысу үшін пайдаланушыларға түрлі пакеттердің бірін сатып алу ұсынылған.

“Жоба "www.boxywealth.com" интернет-ресурсы және мессенджерлер арқылы жұмыс істеген. Соның ішінде "Күнделікті табыс" чатында бастапқыда халық тұтынатын тауарлар туралы ақпарат таратылып, кейін азаматтарды инвестициялық платформаға тарту жүзеге асырылған. Қатысу үшін пайдаланушыларға түрлі пакеттердің бірін сатып алып, күн сайын жарнамалық материалдарды қарау ұсынылған. Бұл ретте тәулігіне 5%-дан 10%-ға дейін табыс уәде етілген”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар жаңа қатысушыларды тартқаны үшін бонус берілетін рефералдық жүйе жұмыс істеген. Кеңсе ашылған, жарнамалық жұмыстар жүргізілген, "табыс" көрсеткіштері көрсетіліп, салымшыларға кеңес беру ұйымдастырылған.

Нәтижесінде 78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 миллион теңгеден астам қаражат салған.

Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның Алматы қаласындағы жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар