Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда қар жауып, -8 градусқа дейін аяз болады

Қазақстанда қар жауып, -8 градусқа дейін аяз болады
Сурет: nv.ua
Синоптиктер алдағы күндері Қазақстанда күн суытатынын хабарлады.

«Қазгидромет» синоптиктері 14, 15 және 16 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстанның көптеген өңірлерінде бұлтты және жауын-шашынды ауа райы күтіледі.

«Солтүстік өңірлерде ауа температурасы нөлден төмен түсіп, жаңбырдың қарға ұласуы, көктайғақ құбылыстары болуы мүмкін. Батыста барлық кезеңде қатты жаңбыр, бұршақ, дауылды жел күтіледі. 16 сәуірде – оңтүстікте, 15-16 сәуірде – солтүстікте және елдің орталығында, ал 14 сәуірге қараған түні Қазақстанның шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады», — деп хабарлады метеорологтар.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, желдің күшеюі болжанады.

Ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

* батыста түнде +2…+10 градусқа дейін, күндіз +10…+15 градусқа дейін,

* солтүстікте түнде -2…-8 градусқа дейін, күндіз 0…+7 градусқа дейін,

* оңтүстікте түнде +3…+13 градусқа дейін, күндіз +8…+18 градусқа дейін.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар