Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Халықаралық іздеуде жүрген Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды

Халықаралық іздеуде жүрген Қайсар Қамза Вьетнамда ұсталды
Сурет: ашық дереккөздерден
Шетелде жүрген блогер Қайсар Қамза ұсталды.

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық блогер, миллиондаған оқырманы бар Қайсар Қамза заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен Вьетнамның Камрань қаласында ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, блогер әлеуметтік желілерде онлайн-казиноның жарнамалық бейнероликтерін жүйелі түрде жариялап, қолданушыларды құмар ойындарға қатысуға тартқан.

«Құқыққа қайшы әрекетінің нәтижесінде күдікті 100 миллион теңгеден астам көлемде заңсыз табыс тапқан. Қаражат оның атына тіркелген криптовалюталық әмиянға аударылып отырған», – деп мәлімдеді ведомство.

Қазіргі уақытта Қайсар Қамзаны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. ІІМ шетелге жасырынып кету қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын ерекше атап өтті.

«Іздеуде жүрген әрбір адам анықталып, ұсталып, Қазақстанға жеткізіледі. Бұл – тек уақыт мәселесі», – деп ескертті ведомство.

Еске салайық, осы жылдың басында Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті танымал блогер Қайсар Қамзаға іздеу жариялаған болатын. 1995 жылы туған Қамзаға қатысты іздестіру ісі 2026 жылғы 10 қаңтарда елордада тіркелген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар