Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Құжаттарды көрсеткенше сенбедім»: Үш баланың әкесі Sattyzhuldyz-дан пәтер ұтып алды (Видео)

«Құжаттарды көрсеткенше сенбедім»: Үш баланың әкесі Sattyzhuldyz-дан пәтер ұтып алды (Видео)
loto.sz.kz
Үш баланың әкесі Нұрбек қалааралық такси қызметінде еңбек етеді.

Ол отбасымен пәтер жалдап тұрып тұрады. Баспана мәселесін шешу мақсатында алғашқы жарнасын төлеп, банкте ақша жинап жүрген екен. Бір күнде «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясынан бір пәтердің қаржысын, яғни 20 млн теңге ұтып алды.

Нұрбек бұл хабарды естіген кезде сенбеген. Күмәнданғаны сонша әйелі, туған-туыстарына да айтпапты. «Сәтті Жұлдыз» кеңсесіне келіп, құжаттарды рәсімдеген сәтте ған жақындарына хабарлады. Ол енді бұл қаржыға пәтер сатып алуды жоспарлап отыр.

«Мен бұған дейін лотерея алып, жай ғана бағымды сынап көретінмін. Елдердің көлік, 10-20 миллиондап ұтқандарын еститінмін, қызығатынмын. Бірақ әрине іштей «ұтып алсам ғой» деген ой, қиял болады. Бірақ соның жетегінде «неге ұтпадым» деген сияқты өкініштер болмады. Кішігірім сыйлықтар ұттым арасында. Өзіме «пәтер ұттыңыз» деп хабарласқан сәттің өзінде қандай да бір әзіл деп түсіндім. Сол себепті ешкімге айтпадым. Әрине қуаныштымын ұтқаныма»,-дейді Нұрбек.

Нұрбек «Сәтті Жұлдыз» кеңсесінде құжаттарды рәсімдеп болғаннан кейін жұбайына хабарласып, пәтер ұтқанын хабарлады. Үш баланың анасы да қуанышты жаңалыққа сенер сенбесін білмей абдырап қалды. Дегенмен, сыйлық расымен де керек жанға бұйырғандай.
Сізде бағыңызды сынап көргіңіз келсе «Сәтті Жұлдыз» лотерея билеттерін мына сілтеме арқылы ала аласыз: SATTYZHULDYZ

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар