Қоғам
Астанадағы қайғылы жағдай: өрттен көз жұмған бір отбасының үш баласы жер қойнына тапсырылды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:26
- 49
Өрттен қаза тапқан үш бала жерленді.
Астанадағы «Көркем-3» тұрғын үй кешеніндегі өрт салдарынан көз жұмған үш баланың денесі жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өрттен 13 жастағы үйдің үлкен қызы және 8 жастағы сіңлісі, 2 жасар інісі қаза тапқан.
Ал балалардың анасы ауруханада жатыр. Туыстарының сөзінше, әйелдің жағдайы ауыр. Ол әлі есін жимаған және балаларының қазасы туралы білмейді. Ал жерлеу рәсімін ьүлдіршіндердің әкесі өткізген.



