Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Щучинсктегі дәмханадағы жарылыс: қаза тапқандардың отбасы мен зардап шеккендерге қанша өтемақы төленгені белгілі болды

Щучинсктегі дәмханадағы жарылыс: қаза тапқандардың отбасы мен зардап шеккендерге қанша өтемақы төленгені белгілі болды
Сурет: видеодан скриншот
Марқұмдардың отбасына бір реттік материалдық көмек ретінде 2 миллион теңге, ал зардап шеккендерге 1 миллион теңгеден төленеді.

Щучинск қаласында "Центр плова" дәмханасында болған жарылыс салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасылары өтемақы алды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына төлемдер берілетінін айтты. Марқұмдардың отбасына бір реттік материалдық көмек ретінде 2 миллион теңге, ал зардап шеккендерге 1 миллион теңгеден төленетінін айтты.

Әкімдіктің дерегінше төлемдер үш жерден түскен:

  • Әкімдіктен — 30 миллион 200 мың теңге;
  • "Центр плова" мекемесінен — 43 миллион 777 мың теңге;
  • Кәсәпкерлерден — 10 миллион 219 мың теңге.

Жалпы төлем сомасы 84 миллион 113 мың теңге.

"Қайғылы оқиға болған "Центр плова" кафесінің иесі мен Бурабай ауданы әкімдігі қаза тапқандардың отбасыларына бірден 2 миллион теңгеден төледі. Сонымен қатар жерлеу рәсімдеріне қатысты барлық шығындар, оның ішінде бір марқұмды тасымалдауға қажетті қаражат та толық өтелді", — деп хабарлады Бурабай ауданы әкімдігі.

Еске салайық, 26 ақпанда Ақмола облысы Щучинсктегі “Центр плова” дәмханасында газ-ауа қоспасы жарылып, арты өртке ұласты. Қайғылы оқиға салдарынан 11 адам қаза тапты.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар