"Кидіңдер, шештіңдер ме?": орамалын шешкен Абай Бегейдің қызы себебін айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:41
- 30
Жақында орамалын шешкен танымал әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат оқырмандарына үн қатты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында ән айтып отырған видеосын жариялап, жазба қалдырды.
“Әр адамның өз жолы, өз сынағы бар. Мен де өз жолыммен жүріп келе жатқан пендемін. Түсіністік танытып, құрметтеп, қолдап жатқан барша жанға көп рақмет”, – деп жазған ол.
Желі қолданушылары арасында пікірталас туды. Бірі оның орамалын шешкенін қолдаса, енді бірі сынға алды.
“Жап жас болып оранудың не қажеті бар? Имандылық жүректе болса болды”, “Сіз үшін қуаныштымын, өте әдемі”, «Сынақ пен орамалдың не қатысы бар,орамал қашаннан бері сынақ болған,орамал-нығмет!Орамал шешкен адам ешқашан қуанбайды», «Неғылдың кидіңдер шештіңдер ме? осыларды ақ қолдап кетеді екен»




