Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда екі күн бойы толассыз жаңбыр жауады

Алматыда екі күн бойы толассыз жаңбыр жауады
Сурет: 31tv.ru
Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 53 техника және 240 қызметкер жұмылдырылған.

Алматыда болатын нөсер жаңбырға байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшірілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі қалалық әкімдікке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 16 сәуір күні Алматыда күн бұлтты болады. Сағат 16:00-ден бастап кей уақыттарда 17 миллиметрге дейін жететін қатты жаңбыр, найзағай және желдің жылдамдығы секундына 15–18 метрге дейін күшеюі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +17…+19 градус шамасында болады.

17 сәуір күні сағат 11:00-ден тәуліктің соңына дейін де 12 миллиметрге дейін қатты жаңбыр, найзағай және желдің күшеюі (секундына 18 метрге дейін) күтіледі. Түнде ауа температурасы +8…+10 градусқа дейін төмендеп, күндіз +11…+13 градус болады.

Қалалық коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының мәліметінше, қалада «Алматы Тазалық» МКК және мердігер ұйымдардың қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік атқаруда. Жедел әрекет ету үшін 104 арнайы техника, 74 мотопомпа және 12 ассенизаторлық машина жұмылдырылған. Олардың тоғызы ықтимал су басу аймақтарына орналастырылған.

425 жол жұмысшысынан құралған 75 жедел бригада жасақталған. 2300 қап құм дайындалған. Жалпы, тәуліктік кезекшілікке 2710 жол қызметкері шығады.

Қосымша түрде Алматы қаласының құтқару қызметі де кезекшілікте. Олардың қарауында 15 мотопомпа мен бір ассенизаторлық машина бар.

Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 53 техника және 240 қызметкер жұмылдырылған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар