Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«430 миллион». Шымкентте алма бағына бөлінген қыруар қаржы талан-таражға түскен

«430 миллион». Шымкентте алма бағына бөлінген қыруар қаржы талан-таражға түскен
ktk.kz
Мемлекеттік бағдарламаны орындауға тиіс Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының басшылары ақшаны өз қалтасына басқан.

Шымкенттің жүз гектардан астам аумағы жеміс-жидекке жайқалып тұруы керек еді. Оның ішінде алма ағашы отырғызылып, шаруалардың табысына айналуы керек болатын. Бірақ мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға тиіс Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының бұрынғы басшысы Жандар Омаров өзіне қарасты компанияларды тартқан, дейді Қаржы мониторингі агенттігі. Солайша құрылыс жұмысының құнын негізсіз көтеріп, аяқталмаған жұмысты да қабылдап алып, бюджетке 430 миллион теңге залал келтірген. Субсидия алу үшін де кооперативтер құрып, 250 миллион теңгені қалтасына басқан, деп жазды KYN.KZ  тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Күдікті Омаров қамауға алынған. Ал Қордың басқарушы директоры мен Green Mart Kazakhstan серіктестігінің басшысы осыған дейін сегіз жылға сотталған болатын.

"Тергеуге сай, Қордың бұрынғы басқарма төрағасы Омаровпен байланысы бар тұлғалар мен бақылауындағы ұйымдарда, соның ішінде Green Mart Kazakhstan ЖШС тарта отырып, мемлекеттік қаражатты жымқыру схемасын ұйымдастырған. Сот санкциясымен жалпы ауданы 108 гектар болатын құны 1 млрд теңгеден асатын жер учаскелері бұғатталды. Күдікті Омаров қамауға алынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды",-дейді ҚР ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан.
 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар