Қазақстанда ең төменгі жалақы өсуі мүмкін: мобильді аударымдарға қойылған талап қайта қаралады
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 сәуір, 2026
- 83
Қазақстанда ең төменгі жалақы өсуі мүмкін. Осыған байланысты мемлекеттік кірістер комитетінің Арнайы салық режимдерін әкімшілендіру басқармасының басшысы Ерқанат Шынберген мобильді аударымдар бойынша критерийлеріне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Астанада өткен салықтық әкімшілендіру жөніндегі конференция аясында Ерқанат Шынберген мобильді аударымдар бойынша критерийлердің қайта қаралуы мүмкін екенін растады.
" Егер ЕТЖ өсетін болса, әрине... Біз тиісінше қайта қараймыз, яғни Кәсіпкерлік кодексінде бұл сомалар ұлғаятын болады", - деді басқарма басшысы.
Қазіргі уақытта салық органдары банк клиенттерінің 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы тізімдерін мобильді аударымдар бойынша заңбұзушылықтар бар-жоғына тексеріп жатыр. Мына үш негізгі критерийге сәйкес келетіндерге сұрақ қойылуы мүмкін:
- 100 және одан да көп түрлі тұлғадан келген ақша аударымдары;
- қатарынан 3 ай бойы;
- жалпы сома 1 020 000 теңгеден асса.
Жақында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстанда ЕТЖ-ны 150 000 теңгеге дейін арттыру мүмкіндігі қарастырылып жатқанын айтты. Егер ЕТЖ өссе, мобильді аударымдар бойынша шекті сома да артады. Ол 1 800 000 теңге болуы мүмкін.




