"Продюсерлер сол бұрынғы әртістерді шақыра береді": Жұлдызай Дүйсенбиева үлкен экраннан шықпай кетуінің себебін түсіндірді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:46
- 34
Белгілі актриса, әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева не себепті үлкен экрандарда көрінбей жүргенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, продюсерлер бір шақырған әртістерді келесіде дешақыра беретін көрінеді. Ал өзі ешкімге барып ұсыныс жасамаған.
«Дәл қазіргі кинотеатрға жолданып жатқан үлкен киноларда жоқпын. Өйткені, продюсерлер сол бұрынғы әртістерді шақыра береді. Өзім «мені де түсіріңдерші» деп қолқалайтындардың қатарынан емеспін. Ұсыныс түскен кинолардың сценарийіне қараймын да, көңіліме жақпаса, түспеймін. Ақшасын алып, қалғанына пысқырып қарамайтын адам емеспін. Сериалға түссем де, халыққа жеткенше уайымдаймын. Мен де идеал емеспін. Бірақ, көбіне дәл қазір жақсы жұмыс істеп жатқан 4-5 продюсер неге екені белгісіз, мені киноға шақырған емес. Мен «Неге шақырмайсыздар?» деп сұрамаймын да, бірақ олардың бәрімен жақсы араласамын. Продюсердің ойында не бар екенін білмеймін ғой. Бәрімен жақсы қарым-қатынастамын. Ұрысып-таласып көрмеппін. «Мә, Гүл әпше мынауыңызға түсейінші» деп айтпаппын, мысалы. Бірақ, мен ондай адам қатарынан емеспін. Өзі қалап шақырып жатса, оны да көруге болады. Қаламаса, барып сұранбаймын. Жалпы, киноға түсуге зәру емеспін».




