Дүйсенбі күні осы мәселе бойынша ресми брифинг өткізіледі.
Оқу-ағарту министрлігі педагогтарды аттестаттаудың жаңа ережесін әзірледі, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта құжат жобасы талқыланып жатыр. Әлеуметтік желілерде таралған материалдар ресми бекітілмеген және ереженің соңғы нұсқасы емес.
"Дүйсенбі күні осы мәселе бойынша ресми брифинг өткізіліп, құжат жобасына жан-жақты түсіндірме беріледі. Брифингтен кейін жоба қоғамдық және азаматтық қоғам өкілдерінің талқылауына ұсынылады", – делінген хабарламада.
Министрлік педагогтар қауымдастығының, сарапшылар мен қоғам өкілдерінің пікірлерін ескере отырып, тиімді әрі әділетті жүйе қалыптастыруды көздейді.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Президент бүгінгі көшбасшылардың бойынан табылуға тиіс қасиеттерге тоқталды
- авторkyn.kz
- 17 сәуір, 2026
Қоғам
Алматыда зообақта арыстанға тас лақтырған ер адам айыппұл арқалады
- авторТомирис Тоныкөк
- 17 сәуір, 2026



