Қазақстанда ең төменгі жалақы қаншаға дейін өсетіні белгісіз
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 11:15
- 23
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ең төменгі жалақы мөлшеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«85 мың теңге - бұл ең төменгі жалақы мөлшері. Яғни жұмыс беруші одан төмен айлық белгілеуге құқылы емес. Бұл оның ең төменгі әлеуметтік жауапкершілігі. Екіншіден, 85 мың теңгені көтеру мәселесіне келсек, біз 2024 жылы арнайы әдістеме әзірледік. Сол құжат уәкілетті органдардың қарауына жіберілді. Қазір бұл мәселені жыл сайынғы бюджет аясында қарастыру көзделіп отыр. Бүгінде бұл бағытты ұлттық экономика министрлігі мен қаржы министрлігі, уәкілетті органдар талқылап жатыр», - деді ол.
Вице-министрдің мәліметіне сүйенсек, қазір ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден өсіру бойынша үкімет, ұлттық банк және қаржы реттеуші органдар нақты жоспар әзірлеген.
«Бұл жоспардың өз мерзімдері бар, қазір талқылау кезеңі жүріп жатыр. Талқылау аяқталған соң ортақ шешімге келу қажет болады. Біздің есептеулер дайын, және пысықтау барысында біз өз ұсыныстарымызды енгіземіз. Қазір уәкілетті органдар да өз ұсыныстарын беруге тиіс. Жалпы, мұндай шара қарастырылған, жоспар бар. Бірақ ең төменгі жалақы нақты қаншаға өсетінін дәл қазір айта алмаймын, өйткені бұл мәселе әлі талқылау мен пысықтауды талап етеді», - деді ол.



