Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр
Сурет: видеодан скриншот
Мұхтар Шахановты қазақстандықтар соңғы сапарға шығарып салды.

Алматыда Қазақстанның Еңбек Ері, халық жазушысы Мұхтар Шахановты соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр. Қоштасу рәсіміне жүздеген қазақстандық қатысты. Олардың арасында саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, әріптестері, жанкүйерлері болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Рәсім Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтіп жатыр. Ақынға құрмет көрсету үшін Қырғызстаннан да қонақтар келген. Астанадан Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев келді. Президенттің хатын оқыды

“Бүгін аса құрметті ақын, халық жазушысы Қазақстанның еңбек ері Мұхтар Шахановты соңғы сапарға шығарып салу үшін жиналып тұрмыз. Мұхтар ағамыздың қазасына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеделхат жолдап, отбасы мен жақындарына көңіл айтқан еді. Алдымен президентіміздің көңіл айту жеделхатын оқып беруге рұқсат етіңіздер. 

Халық жазушысы Қазақстанның еңбек ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына ұлт перзенті аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың дүниеден өтуіне байланысты ауыр қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан, қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игі істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәжімаланды. Жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды. Өнегелі өмір сүріп соңынан көп әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Иманы саламат жаны жәннәтта болсын!», - деп жеделхат оқылды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар