Қазақстан аумағында жер дүмпуі тіркелді
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, 22 сәуір күні Астана уақытымен сағат 04:26-да магнитудасы 3,3 болатын жерасты дүмпулері тіркелген. Картаға сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 57 шақырым жерде орналасқан.
Нақтылағандай, Қырғызстан елді мекендерінде жер сілкінісі сезілмеген. Қазақстан аумағында сезілуі туралы мәлімет жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Инвестиции и таланты в приоритете: Казахстан улучшает миграционную политику
- авторkyn.kz
- 21 сәуір, 2026




