Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда бар директоры қызметкерін зорлап, оған ВИЧ жұқтырған: сот үкімі шықты

Алматыда бар директоры қызметкерін зорлап, оған ВИЧ жұқтырған: сот үкімі шықты
Сурет: Михаил Козачковтың арнасынан
Бар директоры қызметкеріне психофизиологиялық жағдайына әсер ететін белгісіз затты беріп, онымен еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен.

Алматыда бар директоры қызметкерін зорлады деп айыпталып, 5 жылға бас бсотандығынан айырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы Медеу ауданының №2 аудандық сотында жабық режимде ЛГБТ белсендісі Әмір Шайкежановқа қатысты ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігі, 118-бабы 1-бөлігі (жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып зорлау, басқа адамды әдейі АИТВ жұқтыру қаупіне қою) бойынша қылмыстық іс қаралды.

Оқиға 2025 жылдың наурыз айында болған. Сотта анықталғандай, ол қызметкеріне психофизиологиялық жағдайына әсер ететін белгісіз затты беріп, онымен еркінен тыс жыныстық қатынасқа түскен.

«Сотталушы Әмір Шайкежанов кінәсін мойындаған жоқ. Жәбірленуші бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Ал прокурор қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша 5 жыл 4 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жаза тағайындау кезінде Әмір Шайкежановтың жауапкершілігін жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Әмір Шайкежанов тағылған айып бойынша кінәлі деп танылды. ҚК-нің 118-бабы 1-бөлігі бойынша (қылмыстық теріс қылық), ескіру мерзімінің өтуіне байланысты Ш. жауаптылықтан босатылды», – делінген Алматы соттарының хабарламасында.

ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігі (ауыр қылмыс) бойынша Әмір Шайкежановқа 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар