Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда 11-сынып оқушысы ең үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді

Алматыда 11-сынып оқушысы ең үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді
Сурет: Алматы әкімдігі
11- сынып оқушысы ауадан ауыз су алу бойынша әзірлемелерді ұсынған.

Алматыда 11-сынып оқушысы әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

№79 гимназияның оқушысыы Дана Қадырбек  БҰҰ-ның Венадағы штаб-пәтерінде UNIDO ұйымдастырған Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына кірген.

Дана ауадан ауыз су алу бойынша әзірлемелерді ұсынған. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – құрғақ климат жағдайында да ауыз су алуға мүмкіндік беретін құрылғы.

Бұған дейін Дана халықаралық байқаулардың жүлдегері атанып, Сеулде өткен WICO Дүниежүзілік Жастар ғылыми олимпиадасының алтын медалін жеңіп алған.

Қазақстанда да оның жобасы қолдау тапқан: өнертабысты пилоттық енгізу туралы меморандумға қол қойылған, сондай-ақ Дана Алматы әкімінің сыйлығымен марапатталған.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар