Синоптиктер 23, 24 және 25 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Болжамға сәйкес, елдің бүкіл аумағында тұрақсыз ауа райы қалыптасады.
«Жаңбыр, найзағай күтіледі, кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі, дауылды жел (шквал) болуы мүмкін. Республика бойынша жел күшейеді, түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі», – деп хабарлады метеорологтар.
Күндіз батыс Қазақстанда ауа температурасы +7…+18 градусқа дейін төмендейді, солтүстік-батыста +10…+20 градус болады.
Ал елдің қалған аумақтарында температура біртіндеп жоғарылайды:
* солтүстікте +18…+27 градусқа дейін,
* орталықта +22…+30 градусқа дейін,
* шығыста +20…+28, таулы аймақтарда +10…+15 градус,
* оңтүстікте +27…+32, таулы аймақтарда +22 градус,
* оңтүстік-шығыста +20…+30, таулы аймақтарда +10…+15 градус.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстан бойынша 2026 жылдың мамыр айына арналған кеңес беру сипатындағы ауа райы болжамын да жариялаған болатын.



