Ақтауда асаба мен оның әйелінің секс-видеосы тарап кетті: заңгер қандай жаза қолданылатынын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:18
- 71
Ақтауда «Хан тамада» атымен танымал асабаның әйелі екеінің интимдік виедосы тарап, қоғамда резонанс тудырды. Бұған байланысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Артынша видеоларды таратты деген күдікпен жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Newtimes.kz мәліметінше, заңгер Қайрат Смағұлов бұл жағдай Қазақстан заңнамасына сәйкес жеке өмірге қол сұқпау құқығын бұзу болып саналатынын айтады. Аталған іс Қылмыстық кодекстің 147-бабы («Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу») бойынша қарастырылуда.
Сарапшының айтуынша, жауапкершілік тек видеоны жариялағандарға ғана емес, сондай-ақ жеке хат-хабарларды, фотосуреттерді, скриншоттарды және өзге де құпия мәліметтерді рұқсатсыз таратқан тұлғаларға да жүктеледі. Сонымен қатар, бөтен адамның телефонына заңсыз қол жеткізу, материалдарды көшіру және үшінші тұлғаларға беру де құқық бұзушылық болып есептеледі.
Алдын ала мәлімет бойынша, видеоның таралуына қатысы бар күдікті ұсталған.
Жәбірленуші тараптың айтуынша, аталған видео тек жеке қолдануға арналған және телефонның жабық бөлімінде сақталған. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай әрекеттер үшін ірі көлемде айыппұл немесе 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.



