Қоғам
Қостанай облысында оқушылар TikTok-та мұғалімдердің көңіліне тиген видео жариялаған
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:31
- 50
Видео жергілікті білім бөлімі мен полицияның назарына ілікті.
Қостанай облысындағы Лисаковск қаласында мектеп оқушылары флешмоб ұйымдастырып, видео жариялаған. Бұл мұғалімдердің көңіліне тиіп, мұны буллинг деп қабылдады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл видео жергілікті білім бөлімі мен полицияның назарына ілікті. Қазір бұл жағдайға қатысы бар барлық адамдарды анықтау үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
“Бұл іске үш мектептің әкімшілігі, білім бөлімі және қалалық полиция бөлімі жұмылдырылды”, – деді қалалық білім бөлімінің басшысы Елена Бурдыка.
Әрбір анықталған жағдайға құқықтық баға беріліп, заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
Тек видеоны түсіріп, оны таратқан авторлар ғана емес, жасөспірімдердің өздері де жауапкершлікке тартылуы мүмкін.



