Басты жаңалықтар
Бауыржан Есебаев тойға шығатын тәкәппар әншілердің айыбын ашты
- автор kyn.kz
- 18 шілде, 2018
- 423
Сазгер әні хит болса жұлдыз болып, рейтингі түссе "мүсәпір" күйге түсетін әншілердің әдетіне ұялатынын жеткізді
Продюсер Бауыржан Есебаев әншілердің гонорарын халық белгілейтінін айтады. Ол мұны әншінің халық алдындағы беделімен байланыстырды. Сондай-ақ, ол әншілердің той иелеріне артық салмақ салуын тәкаппарлыққа балады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап.
«Өте қиын сұрақ екен. Гонорар біз өсіріп, түсіргеннен өзгеретін нәрсе емес. Халық бағаны әншінің деңгейі мен беделіне қарай өзі айтады», - дейді Бауыржан Есебаев.
Есебаевтың «Гонорар өзгеретін нәрсе емес» дегені өтірік. Хитмендердің той ақысы сол хит шыққан маусымда жоғарылайды. Осыдан бірер жыл бұрын Абай Бегей мен Асхат Тарғынның дәуірі жүріп тұрған еді. Өткен жылы Ерке Есмаханның көптеген әні хитке айналып, қаламақысы өсті. Сондай-ақ, продюсер той иелеріне артық салмақ салмағанды жөн көретінін айтты.
«Жалпы шақырған жерге ауырлық салмауға тырысамыз. Мысалы, қонақүйді өзің де ала аласың. Оны неліктен өзгеге жүк қылып қоюың керек? Мен үшін әншінің той иелеріне қосымша салмақ салуы тәкаппарлық болып көрінеді», - дейді продюсер.
Автор: Kyn.kz
Келесі мақала