Жұлдыздың тұңғышы Германия жерінде дүниеге келді.
Танымал түрік әншісі Таркан алғаш рет әке атанды, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі.
Қуанышты жаңалықты бірінші болып әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында бөлісті.
«Қызымыз Лия бізбен бірге. Ол өміріміздің жарық сәулесіне айналды. Қандай бақытқа бөленгенімізді сөзбен айтып жеткізу қиын», - дейді Таркан.
Әнші осыдан екі жыл бұрын өзінен 10 жас кіші тыңдарманы Пынар Делекке үйленген болатын. Жұптың қыздары Германия клиникаларының бірінде дүниеге келді. Естеріңізге сала кетсек, Таркан соңғы 10 жылдан бері осы мемлекеттің территориясында тұрып келеді.
2010 жылдың ақпан айында музыкашы кокаин қолданғаны үшін тұтқындалып, бірнеше күннен кейін бостандыққа шықты. Ал Германияға көшіп баруына өз отанында әскерден қашуы себеп болған. Мұнымен қатар, аға буын оның шығармашылығының мұсылмандар дәстүріне қарсы келетінін айтып, сынаған еді.
Автор: Kyn.kz