73 840 теңге: терезені ашық қалдырған ата-аналарға айыппұл салынады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:40
- 50
Бас прокуратура тұрғын үй терезелерінен балалардың құлап кету жағдайларына байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады.
Ведомство мәліметінше, балалардың терезеден абайсызда құлап кету жағдайлары жыл сайын тіркелуде.
“Елде жылы кезеңнің ерте басталуына байланысты тұрғын үйлердің терезелерінен балалардың құлап кету жағдайлары тіркелуде.Тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайда балалар қысқа уақытқа болса да қараусыз қалады. Бұл қайғылы салдарға әкеледі. Ашық терезелер мен қауіпсіздік сезімін жалған түрде қалыптастыратын москиттік торлардың болуы ерекше қауіп төндіреді”, – делінген хабарламада.
Бас прокуратура сонымен қатар ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға, жиһазды терезе маңына қоймауға, терезелерге қауіпсіздік құралдарын орнатуға және баланың терезеге өз бетінше жақындауына жол бермеуге шақырды.
“Кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралары орындалмаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (ӘҚБтК) 127-бабына сәйкес 20 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған. Бұл шамамен 73 840 теңге.Тек 3 айдың ішінде осы бап бойынша 8 мың нан астам ата-анамен заңды өкіл жауапкершілікке тартылды”, – делінген хабарламада.




