Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Назарбаев әкімшілігінің бұрынғы басшысы Венада миллиондаған еуро тұратын пәтерді сатып алған

Назарбаев әкімшілігінің бұрынғы басшысы Венада миллиондаған еуро тұратын пәтерді сатып алған
Сурет: centralasia.media
Мусиндер отбасы Латвия аумағында да қомақты мүлікке ие.

Қазақстанның бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктерінің бірі, Аслан Мусин отбасына қатысы бар компания Вена қаласынан құны шамамен 4,5 миллион еуро болатын элиталық пәтер сатып алған. Мәліметке сәйкес, бұл мәміле өткен жылы қаладағы Нойбау ауданындағы ең қымбат жылжымайтын мүлік саудасының бірі деп танылған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Нойбау – Австрия астанасының беделді әрі тарихи аудандарының бірі, деп жазады "Выход к морю" телеграм арнасы. Бұл жерден Вена операсы, Карлскирхе және қалалық ратушаға дейін жаяу 15 минутта жетуге болады. Сондай-ақ мұнда музей кварталы мен танымал жаяу жүргіншілер көшелері орналасқан.

Дәл осы аудандағы тарихи ғимараттардың бірінде Мусиндер отбасының апартаменті орналасқан. Аумағы 413 шаршы метр болатын пәтер 2024 жылы шамамен 4,5 миллион еуроға (сол кездегі бағаммен 2,3 млрд теңге) рәсімделген.

Жылжымайтын мүлік Австрияда тіркелген Bazantner GmbH компаниясының атына жазылған. Қаржылық есептерге қарағанда, Mondscheingasse көшесіндегі бұл пәтер – компанияның әзірге жалғыз активі.

Компанияны Сергей Кушенов басқарады. Ол Мусиндер отбасының шетелдегі жобаларындағы бұрыннан келе жатқан серіктесі ретінде аталады. Ал компания құрылымы арқылы Болгариядағы делдал ұйым және Рас-эль-Хайма аумағында тіркелген қорға байланыстырылған.

Материалда бұл құрылымдардың Сауранбек Мусин және оның туысы Ануарбекпен байланысы бар екені айтылған. Олар Латвия мен Болгариядағы негізгі активтерді де басқарады делінеді.

Мусиндер отбасы Латвия аумағында да қомақты мүлікке ие. Мәліметке сәйкес, олар 5,6 миллион еуроға елдегі танымал тұрмыстық техника сататын ритейлерлердің бірін сатып алған. Сонымен қатар тұрғын үй нысандары да бар.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар