Қоғам
Ақтөбе облысында екі тәрбиеші балаларды ұрып-соққан (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 17:10
- 49
Балабақша қызметкерлері 3 жасар балаларды ұрып-соққан деп айыпталуда.
Ақтөбе облысы Шалқар қаласындағы «Болашақ» балабақшасында қызметкерлер кішкентай балаларды ұрып-соққан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
20 сәуір күні 12 ата-анадан балабақшадағы зорлық-зомбылық туралы шағым түскен. Олардың айтуынша, тәрбиешілер кішкентай топқа баратын үш жасар балаларға қатыгездік көрсеткен. Бұл жағдай бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарағаннан кейін белгілі болған.
Ақтөбе облысының Білім басқармасы бұл ақпаратты растады және тексеру жұмыстары дереу басталғанын хабарлады. Тергеу жұмыстарына балабақша әкімшілігі мен уәкілетті органдар тартылған.
Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу жүргізілуде. Тергеу аяқталғанға дейін екі қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді.



