Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өскеменде сарбаз қаза тапты: марқұмға және тағы алты қызметкерге психологиялық қысым көрсетілгені анықталды

Өскеменде сарбаз қаза тапты: марқұмға және тағы алты қызметкерге психологиялық қысым көрсетілгені анықталды
Сурет: qrnews.kz
Өз-өзіне қол жұмсап қаза тапқан сарбазға қатысты істе әскери лауазымды шенділердің біраз «былығы» әшкере болды.

Өскемен гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапқан сарбазға қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Оқиға 23 қаңтарда болған. Бас әскери прокуратураның мәліметінше, қаза болған әскери қызметшіге және оның алты қызметтесіне психологиялық қысым көрсетілген. 

«Тергеу барысында лауазымды тұлғалардың бірнеше рет жарғыдан тыс қарым-қатынасқа жол бергені, қаза болған әскери қызметшіге және оның алты қызметтесіне психологиялық қысым көрсеткені анықталды», - деп хабарлады Бас әскери прокуратура.

Сонымен қатар, взвод командирі қару-жарақты сақтау тәртібіне тиісті бақылау жүргізбей, қызметтік міндеттерін орындаудан шет қалған.

Айта кетейік, тергеу барысында әскери бөлім командирі және оның екі орынбасары лауазымынан айырылып, 9 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылған болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар