Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайда сүйіктісін қызғаныштан ұрып өлтірген ер адам 8 жылға ғана сотталды

Қостанайда сүйіктісін қызғаныштан ұрып өлтірген ер адам 8 жылға ғана сотталды
Сурет: wcons.net
Әйелін өлтірген ер адамға қатысты сот үкім шығарды.

Қостанай облысында сүйіктісін қызғаныштан ұрып өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

 Қайғылы оқиға 2026 жылдың 3 қаңтарында Троебратское ауылында болған. Сот мәліметінше, ер адам алкогольдік мас күйінде, сүйіктісін қызғаныштан ұрып, өмірлік маңызды мүшелеріне бірнеше рет соққы жасаған.

Салдарынан әйел адам жабық бас-ми және іш қуысы жарақатынан көз жұмды.

«Прокурор сотталушыға 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Жәбірленуші тарап өкілі заңға сәйкес жаза тағайындауды сұрады», – делінген хабарламада.

Сот ер адамның кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді. Оны  кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар