Сот отырысты дүйсенбіге, 27 сәуір сағат 15:00-ге қалдыру туралы шешім шығарды.
Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша сот процесі дүйсенбіге қалдырылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Прокурор Олжас Хайруллаев сотт процесін 27 сәуірге қалдыруды сұрады.
Мемлекеттік айыптаушы мәміле бойынша шешім қабылдау үшін қосымша уақыт сұрады. Оның айтуынша, тараптар келісім шарттарын талқылауды жалғастыруы қажет.
"Процестік келісім жасасуға байланысты, оның шарттарын талқылау аясында бізге әлі уақыт қажет. Қазіргі уақытта осыны талқылап жатырмыз", - деді Олжас Хайруллаев.
Сот отырысты дүйсенбіге, 27 сәуір сағат 15:00-ге қалдыру туралы шешім шығарды.


