Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыдағы Розыбакиев көшесінің орнына Мұхтар Шахановтың есімін беру ұсынылды

Алматыдағы Розыбакиев көшесінің орнына Мұхтар Шахановтың есімін беру ұсынылды
Сурет: ашық дереккөздерден
Қазіргі уақытта петицияны 179 адам қолдаған, 55 адам қарсы қол қойған.

Алматы қаласындағы ірі көлік магистральдарының бірі – Розыбакиев көшесінің атауын халық жазушысы, көрнекті ақын және мемлекет қайраткері Мұхтар Шахановтың есімін беруді ұсынып, арнайы петиция жариялады, деп хабарлайды, KYN.KZ  тілшісі.

Қазіргі уақытта петиция желіде қол жинау үстінде. Алматылықтың бастамасын әзірге 179 адам қолдаған, 55 адам қарсы қол қойған.

“Мұхтар Шахановтың есімін Алматы картасында мәңгі қалдыру – тарихтың шешуші сәттерінде халықтың намысын, қазақ тілін және Қазақстанның тәуелсіздігін қорғаған тұлғаға көрсетілген әділетті құрмет”, – делінген мәтінде.

Петиция авторлары Мұхтар Шахановтың қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орны ерекше екенін, оның «Желтоқсан оқиғасына» саяси баға берудегі және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудегі еңбегін ұлықтау қажеттігін алға тартты.

Қолдаушылардың айтуынша, Мұхтар Шаханов көзі тірісінде-ақ мұндай құрметке лайықты тұлға. Дегенмен, қалалық ономастика комиссиясы бұл мәселеге қатысты әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, көше атауларын өзгерту үшін петицияның тиісті дауыс санын жинауы және ономастикалық комиссияның оң қорытындысы қажет.

Абдолла Ахметұлы Розыбакиев – Жетісу өңірінде қоғамдық-саяси басқару жүйесін қалыптастыруға араласып, Кеңес өкіметін орнату ісіне қатысқан тұлға.

Мұхтар Шаханов 84 жасқа қараған шағында 19 сәуірде қайтыс болды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар