Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Маған арқа сүйей алады": Құралай Нұрқаділова Мерей Заманбекқызына қатысты айтты

"Маған арқа сүйей алады": Құралай Нұрқаділова Мерей Заманбекқызына қатысты айтты
Сурет: ашық дереккөздерден
Құралай Заманбекқызы әкесімен 15 жыл бойы неге араласпағанын және біреулердің тосқауыл болғанын айтты.

Дизайнер Құралай Нұрқаділова әкесінің екінші некесіндегі қызы Мерей Заманбекқызына қатысты айтты. Кезінде оны қабылдауға дайын болмағанын, бірақ қазір араласуға қарсы емес екенін жеткізді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол “Почему не я” YouTube арнасына берген сұхбатында сөз етті.

”Әкемнің жерлеуінде ол кішкентай болатын. Қазір оның араласқысы келмейтіні үшін жазғыра алмаймын. Мен дайын емес болдым. Бірақ оның өмірге келуіне де, басқасына да қарсы болмадым. Ол менің қолдауыма әкесіндей арқа сүйей алады. Көп жағдайда мен бәрібір әкеме ұқсаймын. Есейген кезде әкесі жанында бола алмады, әкемнің маған айтқандарын оған жеткізе аламын”, — деді Нұрқаділова.

Құралай Заманбекқызы әкесімен 15 жыл бойы неге араласпағанын және біреулердің тосқауыл болғанын айтты.

”Әкеммен қарым-қатынасымыз оңай болған жоқ. Оның жанындағы адамдарға әкемнің қасында болуым пайдалы болған жоқ. Мінезім дәл әкем сияқты. Әкеме көп нәрсені ашық айтатынмын, көп нәрсеге көзін ашатынмын. Қазіргі кезде “әкеңізге неге өкпелісіз” деп көп айтып жатады. Мен әкеме мүлдем өкпелі емеспін. Қазір кімдердің айдап салғандарын жақсы білемін, бірақ кім екендерін айтпаймын”, — деді Құралай Нұрқаділова.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар